«2 шілде сағат 04:15-те Алматы облысы ТЖД-ға Панфилов ауданы Лесновка ауылындағы Д. Рақышева атындағы мектеп шатырының жанып жатқаны туралы хабар түсті. Шұғыл түрде оқиға орнына Жаркент қаласынан 2 өрт сөндіру есебі жіберілді, қашықтық - 25 шақырым. Бірінші бөлімше келгеннен кейін 04:40-та мектеп шатырының 80% отқа оранғаны анықталды. Өрт орнына қосымша Ұйғыр ауданының Шонжы ауылынан өрт сөндіру қызметі, Панфилов ауданының орман шаруашылығы, жедел құтқару жасағы және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жіберілді.
Ғимарат 2 қабатты, 1970 жылы салынған. 2017 жылы күрделі жөндеу жүргізілген, ғимараттың жалпы алаңы - 1442 шаршы метр. Өрт 07:40-та ауыздықталды және 09 сағат 50 минутта толықтай сөндірілді»,-деп мәлімдеді облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.
Ведомствоның мәліметінше, өрт алаңы 1200 шаршы метрді құраған. Қызыл жалынның себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге Алматы облысының ТЖД 31 адам 6 техника, жергілікті атқарушы органдардан 7 адам және 4 техника (су тасығыш), Жаркент орман шаруашылығынан 7 адам, 1 техника, сондай-ақ полиция бөлімінен 5 адам және 1 техника жұмылдырылған.