Алматы облысында мемлекеттік қызметкердің шағымын қарайтын арнайы топ құрылды
Шағымды қарайтындар құрамында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшылығы, мәслихат депутаттары, БАҚ өкілдері бар.
Айта кету керек, қазір облыстың мемлекеттік қызметкерлері тестілеуден өтіп жатыр. Бір күнде 200 жуық адам сынақ тапсыруда. Кешенді аттестаттауды алғашқы болып «Б» корпусының басшылық лауазымындағы қызметкерлері тапсырды. Жалпы Алматы облысында 5774 мемлекеттік қызметкер тестілеуден өтеді. Осы аттестацияның шешімімен келіспегендер енді арнайы мобильді топқа шағымдана алады. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметші уәкілетті органға, аумақтық бөлімшесіне немесе сотқа жүгіне алады. Бұл жөнінде аталған департаменттің баспасөз қызметіндегі өкілі Сымбат Исрапулова мәлім етті.