Мекеме өкілдерінің мәлім еткеніндей, науқас 19 маусым күні ауруханаға түскен.
«Зертханалық зерттеулер жүргізілуде. Қайтыс болған адаммен байланыста болғандар тексеруден өтіп жатыр», - делінген хабарламада.
Қазақстанда жыл басынан бері менингококк инфекциясын жұқтырудың 62 жағдайы тіркелген. Олардың ішінде 4 адам стационарлық түрде ем қабылдау үстінде, 45 адам ауруханадан шығарылды, 13 адам көз жұмды. Алматыда - 6, Алматы облысында - 3, Оңтүстік Қазақстанда - 3 және Қызылорда облысында - 1 адам аталмыш дерттен қайтыс болған.
Эпидемияға қарсы шаралар әлі де жүргізіліп жатыр.
19:27, 20 Маусым 2018
Алматы облысында менингитпен науқастанды деп күдік келтірілген тағы бір адам көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысында менингококк инфекциясын жұқтырды деп күдік келтірілген тағы бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.