Алматы облыстық полиция департаменті мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы 7 қазанда «Байсерке-Шілікемер-Қарой-Междуреченск» жолының 30-шы шақырымында болған.
«Pedo» маркалы мопедтің 41 жастағы жүргізушісі жолдың оң жағымен шығыс бағытта келе жатып, 49 жастағы жүргізуші тізгіндеген КамАЗ жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысқан.
Мопед жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
«Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Факт ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр» деп түсіндірді облыстық полиция.