Шараның басты мақсаты үлкен оркестрді басқаратын дирижерларды іріктеп, оларды жан-жақты демеу. Сондай-ақ осындай оркестрдің сүйемелдеуімен орындайтын әншілерге жігер беру. Ұйымдастырушылар 4-ші жыл қатарынан өткізіліп отырған байқаудың деңгейі де жоғарылағанын айтады. Өнерпаздарды бағалайтын қазылар алқасына халықаралық деңгейдегі білікті мамандар шақырылды. Қазылар алқасының мүшелігінде Өзбекстан Республикасының халық әртісі, профессор, дирижер Фарух Сыдықов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор, дирижер Әли Алпысбаев және ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Азамат Жылтыркөзов сынды музыка саласының майталмандары бар.
Байқауға қатысушыларға Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар сәттілік тілеп, шараның маңыздылығына тоқталды. Ол өз сөзінде, «Біржан Сара» операсын жазған талантты композитор Мұқан Төлебаевтың қазақ өнеріне өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті. Ал байқау қорытындысы ертең шығады.
17:51, 25 Сәуір 2017
Алматы облысында Мұқан Төлебаев атындағы республикалық байқау басталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында КСРО Халық әртісі, композитор Мұқан Төлебаев атындағы республикалық байқау басталды. «Алтын таяқша» және «Кестелі орамал» атты додада вокалист әншілер мен дирижерлар бақ сынасады. Еліміздің түкпір-түкпірінен 40-қа жуық өнерпаз қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.