Алматы облысында мылтықпен және кастетпен қаруланған студент ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Қарасай ауданындағы Қаскелең қаласында патрульдік қызметін орындап жүрген полицейлер мылтық және кастетпен қаруланып, емін-еркін қыдырып жүрген студентті ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

18 жастағы  азамат Қаскелең қаласындағы колледждердің бірінде оқитыны анықталды. Бозбала қаруды спорт сөмкесіне салып, қорықпай алып жүрген.

Қазір осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 287- бабымен қылмыстық іс қозғалып, тәркіленген пневматикалық мылтық  сараптамадан өткізілуде.

Студент өз түсініктемесінде бұл заттарды тауып алдым деп ақталған. Ал тәртіп сақшылары заттарды анықтап, тәркілеу арқылы басқа бір қылмыстың алдын алдық деген пікірде. Сот алды тергеу уақытында күдіктіге «келуді міндеттеу» шарасы қолданылды.