«Кәріз жүйесін тазалап, артынша нәжіске батқан 1967 жылы туған сантехник оқиға орнында қайтыс болған. Ал оған көмекке ұмтылған 1969 жылғы сантехник пен 1984 жылы туған дәрігер-травматолог жансақтау бөлімінде көз жұмды. 30 жастағы хирург дәрігер ауруханада жатыр. Оқиға орнына соңынан келген реаниматолог дін-аман», - деп мәлім етті облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, біз бұған дейін Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылындағы аурухананың ауласында 3 адамның нәжістен уланып қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.