Алматы облысында нөсерлі жаңбыр Іле өзені арқылы өтетін автожол өткелін шайып кетті - ТЖМ

None
СТАНА. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат - Алматы облысында нөсерлі жаңбыр Іле өзені арқылы өтетін автожол өткелін шайып кетті.

Төтенше жағдайлар министрлігінен анықтағандай, маусымның 21-і күні таңертеңгі сағат 10 шамасында Балқаш ауданы «Топар-Ақжар» автожолының 27-ші шақырымында, мол жауған жаңбыр мен Іле өзені деңгейінің көтерілуі салдарынан, диаметрі бір метр болатын жол өткелінің темір бетонды іргетасы шайылып кеткен.

Ведомство баспасөз қызметі атап көрсеткендей, төтенше оқиға орын алған аумаққа жақын орналасқан елді мекендерді су шаю қаупі жоқ.

Көліктердің қозғалысы айналма жолдар арқылы ұйымдастырылды.