Алматы облысында нөсерлі жаңбырлар болатындығы туралы ескерту жасалды

None
АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Алматы облысында ертең нөсерлі жаңбырлар жауатындығы туралы ескерту жасалды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Алдағы тәуліктерде (3 тамызда) Алматы облысында күтіліп отырған нөсерлі жаңбырларға байланысты жекелеген өзендерде жаңбыр суының тасқындары болып, кейбір жерлерде сел жүруі мүмкін»,- деп ескертеді синоптиктер.