Өңірде 1800 кәсіпорын жұмыс істесе, оның 20-сы Трансұлттық компаниялардың, әлемдік брендтерді жасаушылардың қатысуымен жұмыс жасайды. Барлық өнеркәсіп өнімдерінің үштен бірін осылар өндіріп отыр.
Олардың қатарында «Кока-Кола», «Данон», «РДжи Брэндс», «Филип Моррис», «Кнауф», «Тикурилла» сияқты танымал компаниялар бар.
Жалпы бүгінгі күні өңдеу секторының үлесі 85% жетіп, еліміз бойынша жоғары көрсеткішке ие болып отыр.