Алматы облысында өрт салдарынан әйел адам мен бала қаза тапты

None
АСТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат - Алматы облысының Қапшағай қаласында жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Өрт 42 шаршы метр аумақты шарпыды. Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы облысы ТЖД жеке құрамының 10 адамы және өрт сөндіру қызметінің 2 техникасы жұмылдырылды. Өрт салдарынан оқиға орнында 31 жастағы әйел адам мен 5 жастағы бала қаза тапты. Тағы бір 7 жасар бала әр түрлі дәрежедегі күйіктерімен ауруханаға жатқызылды.