Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашев қаза тапқан ер адамның туыстары мен жақындарына көңіл айтып, оларға жерлеу рәсімін өткізу үшін қолдау көрсетілетінін, әкімдік бір миллион теңге көлемінде материалдық көмек беретінін айтты.
Еске салсақ, 1973 жылы туған Талдықорған тұрғыны Рахат Каметаев әуежайдың қауіпсіздік қызметінің инспекторы болып жұмыс істеді. 15 маусымда 95 пайыз күйікпен ауыр жағдайда қалалық көп бейінді ауруханаға түсті. Ол жарақатының аса ауыр болғандығы салдарынан қаза тапты.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 15 маусымда 14.45-те сорғы стансасында әуежай перронынан бір шақырым жерде жанармай құйғыш өртке оранды. Жалынды әуежай өрт сөндіру есебінің күштері мен ТЖД қызметкерлері 20-30 минутта оқшаулады. Өрт салдарынан ЖЖМ технигі, 1979 жылы туған Рустам Мұсабеков және 1973 жылы туған инспектор Рахат Каметаев зардап шекті.