Алматы облысында өртте 2 бала мерт болды
07:55, 27 Ақпан 2012
АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат - 26 ақпан күні, сағат 12.26-да Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы кентіндегі Геологическая көшесінде орналасқан жекеменшік тұрғын үйде өрт болды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
Өрт жергілікті тұрғындармен сөндірілді. Жалын шарпыған аумақ 8 шаршы метрді құрады. Өрттің салдарынан иіс тиіп уланған 3 және 4 жастағы екі бала ауруханада көз жұмды.