Алматы облысында өзбекстандық жерлесін өлтірді деген күдікпен ұсталды
Алматы облыстық Полициядепартаментіндегі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл факті 27 шілдеде Ұйғырауданының Шонжы ауылында тіркелген. Жеке басын анықтау кезінде жәбірленушіӨзбекстан азаматы екені анықталды.
«Екеуі де,жәбірленуші мен күдікті шілде айында еңбек шарты бойынша Қазақстанға келіп,Шонжы ауылының құрылыс нысандарының бірінде жұмыс істеген. Олар жалдамалыпәтерде тұрған. Екеуінің арасында жанжал туындап, арты кісі өлімімен аяқталыпотыр. Қазір кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық тергеу жүргізілуде. Күдіктіқамауға алынды»,-деп мәлімдеді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөзқызметінен.
Ведомствоныңақпаратына сәйкес, асүй пышағы тергеу материалына айғақ зат ретіндетәркіленген. Ал екі ер адамның арасында жанжалдың неден туындағаны тергеубарысында анықталады.