«2020 жылдың 5 желтоқсанында сағат 13:32-де Алматы облысының Іле ауданы Түймебаев ауылында қараусыз қалып, абайсызда Кіші Алматы өзенінде жұқа мұздың астына түсіп, 2014 және 2016 жылы туған екі баланың қайтыс болғаны туралы хабар келіп түсті. Балалардың денесін туыстары өзеннен тауып, судан шығарды», - делінген Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Құтқарушылар ата-аналарға балаларын су қоймасы маңында үлкендердің қарауынсыз қалдырмауын сұрайды. Бүгінгі таңда облыс аумағындағы мұздың қалыңдығы адам салмағы үшін жеткіліксіз.
Осыған байланысты азаматтардан жұқа мұзға шықпауды және қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.
- Жұқа және қатпаған мұзға шығуға болмайды.
- Мұздың беріктігін аяқпен теуіп тексеруге болмайды.
- Қараңғы кезде, көрінбейтін уақытта (тұман, қар жауу, жаңбыр) және мас күйде мұз бетіне шығуға болмайды.
- Өзеннен өткенде арнайы мұз өткелдерін пайдалану керек.
- Су қоймасынан топпен өтерде кезінде бір-бірінен 5-6 метр қашықты сақтау қажет.
- Қатып қалған өзенді (көлді) шаңғымен өткен жөн. Қажет болған жағдайда оларды тез шешу үшін шаңғылардың бекітпесін ағыту керек; шаңғы таяқшаларын қолдың білезік буынына ілмекті ілмей ұстап, қауіп төнген жағдайда оларды бірден лақытырып тастау керек.
- Мұзда балық аулағанда мұзды бір-бірінен 5-6 метр қашықта ою қажет. Балықшының құтқару кеудешесі, сондай-ақ ұзындығы 15-20 м, бір ұшында ілмегі бар және екіншісінде 400-500 г жүгі бар арқаны болуы тиіс. Жүк арқанды суға құлап кеткен жолаушыға лақтыруға көмектеседі.
- Жұқа, шытынаған мұз бетінде қалсаңыз, абайлап кері бұрылып, сырғаната жүріп кері жағаға оралу керек.
- Мұздай суға түскен адам 10-15 минуттан кейін қатты тоңып қалуы, ал 20 минуттан кейін есінен танып қалуы мүмкін екенін білу қажет.
Мұздың беріктігін көзбен анықтауға болады:
1. Көк түсті мұз – берік;
2. Ақ түсті – беріктігі 2 есе аз;
3. Күңгірт-ақ немесе сарғыш түсті мұз сенімді емес.