Жоңғар Алатауының теріскейі осы спорт түрімен айнылысуға өте қолайлы аймақ. «Тау Жетісу» демалыс аймағы маңында қатысушы мемлекеттердің туы желбіреп, аспанда парапландар қалықтап халықаралық жарыс жоғары деңгейде өтіп жатыр. Оны турнирге қатысып жатқан шетелдік парапланершілер де тілге тиек етіп, қазақ халқының қонақжайлығын айтуда.
Жалпы бұл спорт түрі өзге спорт түрлеріне қарағанда экстрималды деп есептеледі. Жарыстың басты шарты 200 метрге жуық биіктіктен төмен қарай құстай қалқып, жердегі нысанаға дөп түсу. Жетісу төріндегі сайыста әр спортшы 6 рет ұшып қону мүмкіндігіне ие. Ауа райының қолайлығына байланысты осы уақытта турнирдің алғашқы әр спортшысы 4 рет аспанға көтеріліп үлгерді.
05:00, 05 Мамыр 2018
Алматы облысында парапланмен ұшудан Әлем кубогы сарапқа салынуда
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында парапланерлік спорттың жерге дәлме-дәл қону жарысы бойынша Әлем кубогының турнирі басталды. Жарысқа 14 мемлекеттен 100-ге жуық спортшы қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.