Алматы облысында паропланның басқаруына ие бола алмай қалған АҚШ азаматы қаза тапты

АНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - Алматы облысының Үшқоңыр шатқалында паропланның басқаруына ие бола алмай қалған АҚШ азаматы қаза тапты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Сенбі, 27 қарашада сағат 16.30-да 43 жасар азамат паропланнан құздан ұшу кезінде басқаруға ие бола алмай, апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды. Осы кезде алған жарақаттарынан американдық азамат қаза тапты.