Өзгенің мүлкін тонауға жасалған талдау барысында пәтер ұрлықтары терезелерді сығымдау, кілттерді таңдау, есіктерді бұзу, сондай-ақ желдеткіштер арқылы ішке ену және кейбір жағдайда емін-еркін кіру арқылы орын алатыны анықталды.
Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, пәтер ұрлықтарын ашу көрсеткіші 10 % жақсарған. Олардың ішінде бұған дейін жасалған қылмыстар да бар.
Сонымен қатар, жыл басынан 28 қылмыстық топ ұсталып, өзгенің мүлкін қолды қылудың 81 дерегіне қатысы бары дәлелденді. Сондай-ақ, қолға түскен пәтер тонауға машықтанған 19 қылмыстық топтың 52 ұрлық жасағаны әшкере болды. 9 барымташылар тобы анықталып, олар жасаған 29 мал ұрлығының 13 дерегі ауыр қылмыстар санатына жатқызылды.