Қоныс иелерін құттықтауға Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашов арнайы келіп, көпшіліктің қуанышына ортақтасты. Баспаналы болған тұрғындар аз уақытта жаңа үй тұрғызып, игіліктеріне тапсырған облыс, аудан басшылығына алғыстарын жеткізді. Бұл үйлер 100 пайыз отандық құрылыс өнімдерінен тұрғызылған. Әрбірінің көлемі 70 шаршы метр шамасында. 1 үйдің құрылысына шамамен 9,5 млн теңге жұмсалған. Ауласын абаттандырып, қора-қопсы салып, инженерлік желісін тартқанға 6,5 млн теңге бөлінген. Сонда 1 үйдің құны 16 млн, ал 14 үйге 224 млн теңге қаржы кеткен.
16:44, 05 Шілде 2018
Алматы облысында пәтерлері өртенген 14 отбасы баспаналы болды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Жансүгіров ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Былтыр күзде пәтерлері өртеніп, далада қалған 14 отбасыға жаңа үйлердің кілттері табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.