Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ірі қара мал мен ет тасымалдап бара жатқан азаматты тексеру кезінде оның ешқандай рұқсат құжаттары болмағаны анықталған. Оқиға 1 шілдеде Үшарал маңындағы бақылау бекетінде тіркелді. Көлікті тексеру барысында жүргізуші қарсылық көрсетіп, құжаттарын бермеген.
«Сондай-ақ 40 жастағы азамат полиция қызметкерінің бетінен жұдырықпен ұрып жіберген. Аталмыш факті бойынша Алакөл аудандық ІІБ қызметкерлері ҚР ҚК-нің 380-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Жүргізуші жүгімен бірге аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді. Ұсталған азамат Алакөл ауданының тұрғыны», - деп толықтырды баспасөз қызметінде.