Аудандық прокуратурадан хабарлағандай, қорғаныш қоршаулары болмаған механизмдердің айналмалы бөліктерінен фирма қызметкерінің иығы бірнеше жерден сынған.
Ескелді ауданының ІІБ қызметкерері «Прима-Т» ЖШС басшысы тарапынан еңбек заңнамасының талаптары бұзылуы фактісін анықтады, бірақ та жұмыс берушіні жауапқа тартуды қажет деп таппады.
«Егер фирма басшылығы өз қызметкерін бақытсыздық жағдайларынан сақтандырып, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз еткен болса, мұндай көлденең оқиға болмас еді», - деп түсіндірді Ескелді ауданының прокуроры Қадыржан Исатай.
Еңбек заңнамасының талаптарын бұзу фактісі бойынша Алматы облысының еңбек инспекциясы басқармасына прокурорлық әрекет ету актісі жолданып, ЖШС басшылығын әкімшілік жауапқа тарту мәселесі қойылды.