Алматы облысында сел жүруге байланысты «жедел желі» ашылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халыққа шұғыл психологиялық және ақпараттық көмек көрсету үшін Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінде «жедел желі» телефоны ашылды - 87282-22-04-60. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Жедел желі» телефондарында жұмыс істеу үшін психологтар мен ТЖ департаментінің медицина қызметкерлері, өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі жұмылдырылды.