ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жалын 100 шаршы метр аумақты шарпыды, соңынан үйдің шатыры опырылып құлады. Тілсіз жау өрт сөндіру қызметі келгенше ауыздықталды. Оқиға орнында 51 жастағы ер адамдардың денелері табылды.
10:34, 18 Желтоқсан 2012
Алматы облысында шаруа қожалығындағы өртте екі ер адам ажал құшты
АСТАНА. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - 17 желтоқсан күні таңертең Алматы облысының Балқаш ауданында «Абадан» шаруа қожалығының аумағында орналасқан тұрғын үйде өрт болды.