Алматы облысында шекарашыларға салтанатты түрде әскери техника кілттері тапсырылды

АСТАНА. 4 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алматы облысында ҚР ҰҚК Шекаралық қызметінің Бұрындай авиабазасының аумағында шекарашыларға салтанатты түрде әскери автокөлік кілттері тапсырылды.

Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Салтанатты рәсімге ҚР ҰҚК ШҚ «Шығыс» аймақтық басқармасы бастығының орынбасары, полковник Марат Нарбаев, Боралдай кенті әкімдігінің басшылығы және басқа шақырылған қонақтар қатысты.

Биылғы жылдың тамыз айында шекарашыларға 183 автокөлік кілті тапсырылды. Бүгінгі күні Шекаралық қызметтің авткөлік паркін тағы 60 техника - 4 «КамАЗ», 56 «УАЗ» толықтырды. Жоғарыда аталған автокөлік алдын ала Шекаралық қызмет бірлестіктеріне, құрамаларына және бөлімдеріне бөлінген.