Алматы облысында шілде айында көлік апатынан 43 адам көз жұмды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының автожолдарында 11 мыңнан астам жүргізуші көліктің жылдамдығын асырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысындаполицейлер «Қауіпсіз жол» іс-шарасы аясында жүргізушілер мен жаяужүргіншілер арасында жол жүру ережелерін өрескел бұзғандарды анықтады.

«Республикалықжәне жергілікті маңызы бар автожолдарды бақылау тұрақты түрде жалғасуда. Жолережесін бұзғандардың басым бөлігі көліктің жылдамдығын асырған. 6 айда осындай11520 факті анықталды. Жылдамдықтың артуы, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығукөбінесе жол көлік оқиғасының басты себебі болып отыр»,- деп мәлімдедіАлматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

Ведомствоныңақпаратына сәйкес, шілде айында өңірдіңавтожолдарында 95 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 43 адам қаза тауып, 140 адамжарақат алған.

«Қайғылыоқиғалардың алдын алу мақсатында полициябөлімшелерінің қызметкерлері жұмысты күшейтті. Тәртіп сақшылар »жолешқашан қателікті кешірмейді« деген қағиданы еске салады», - деп атапөтті өңірдің полицейлері.