Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаевтың айтуынша, кезекші бөлімге өрт жайлы ақпарат сағат 14:46 минут кеткенде түскен. Ал 17:25 минутта өрт ауыздықталған. Қазір оқиға орнында өрт сөндіретін арнайы үш техника мен 9 қызметкер жұмыс істеп жатыр.
«Алдын ала болжам бойынша өрт шамамен 300 шаршы метр жерді шарпыған. Тілсіз жаудың нақты неден шыққаны әзірге белгісіз. Біздің біліуімізше, оқиға орнында зардап шеккендер жоқ», - деді Азамат Жұртбаев.
Айта кету керек, төтенше жағдай Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген ауылында болған.