Оқиға Ескелді ауданында болған. Күдікті ілулі тұрған 20 келі жылқы етін қолды қылған.
Іздестіру шаралары барысында күдікті ретінде 60 жастағы ер адам анықталып, ұсталды. Оның айтуы бойынша ұрлық жасаған сәтте ол мас болған. Сонымен қатар, ұсталған азаматтың жарты етті асып жеп үлгергені анықталды. Оңай олжаға кенелмек болған азамат енді істеген әрекеті үшін заң алдында жауап беретін болады.
«Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Ескелді ауданы ПБ-мен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды»,- делінген Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.