Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологияқ бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес, соңғы 2 аптада Алматы облысында COVID-19 ауруының тарау деңгейі төмендеп, апталық өсім 0,1% - дан 0,003% - ға дейін түсті.
«03 наурыз бен 16 наурыз аралығын алдыңғы аптамен салыстырғанда вирус жұқтыру 65-тен 10-ға дейін төмендегені байқалады. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша Алматы облысы жасыл аймақта орналасқан. Соңғы тәулікте коронавируспен ауру жұқтырғандар тіркелмеген»,- делінген ведомствоның хабарламасында.