Облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мекеме жанындағы кешкі мектепте 9-11 сынып бітірген сотталғандарға аттестаттар салтанатты түрде берілді.
«Пандемияға байланысты бұл оқу жылы барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, қашықтан оқыту бағдарламасы бойынша өтті. 2020-2021 оқу жылдары білім беру саласында жоспарланған іс-шаралар күнтізбелік - тақырыптық жоспарға сәйкес толық көлемде орындалды», - деді Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Жәнібек Қосжанов.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, кешкі мектепте штат бойынша жеті мұғалім және жеті көмекші мұғалім жұмыс істейді.