Алматы облысында соя өңдейтін зауыт іске қосылды

None
АЛДЫҚОРҒАН. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Бүгін Алматы облысындағы Іле ауданының Чапаев кентінде «Сарыбұлақ» компаниясы ЖШС-ның соя өңдейтін зауыты іске қосылды. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа телекөпір кезінде таныстырылған инновациялық жобалардың бірі.

«Өткен дүйсенбіде, маусымның 28-інде телекөпір кезінде Алматы облысы Мемлекет басшысына инновациялық жобалар: Danon фирмасының сүт өңдеу звауытын, табиғи тасты өңдейтін, инфузиялық ерітінділер үшін быржолғы жүйелер өндірісі зауыттарын және соя өңдейтін екі зауытты таныстырды. Бүгін солардың бірін іске қосып отырмыз, - деді Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов - Бұл зауыттың ашылуы ауданның ифрақұрылымын жақсартуға, импорт алмастыратын және бәсекеге қабілетті отандық өнімдер бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді».

Зауыт соямен қатар жүгері мен рапсты, күнбағыс тұқымын өңдейді. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 75 мың тоннаға дейін өнім шығара алады. Жобаның құны - 825 млн. теңге. Кәсіпорынды салу және жарақтандыру өз қаражаттары есебінен жүргізілді. Мұнда 60 жұмыс орны ашылды, орташа еңбекақы - 50 мың теңге.

Бүгінде кәсіпорын облыстың шаруа қожалықтарымен және Жамбыл облысы фермерлерімен өнім жеткізуге шарт жасасты, оларды тұқыммен, тыңайтқышпен және жанар-жағармайымен қамтамасыз етті.

Бұдан басқа зауыт өзінің машина-техника стансысын құрмақ. Бұл смақсатқа 15 трактор және 7 комбайн сатып алынды.