ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, Александр Асанов атындағы мергендер клубында өтетін құрлық додасына 26 мемлекеттен 400-ге жуық спортшы қатысады деп жоспарлануда. Олар «скит», «трап», «трап-микс» және «дубль-трап» бойынша сынға түсіп, өзара мықтыны анықтайды.
Айта кетерлігі, аталған Азия чемпионатында Олимпиада жолдамасы сарапқа салынбайды. Лицензиялық турнир қараша айында Катар астанасы Дохада өтетін құрлық додасында үлестіріледі.