Алматы облысында суға батып кеткен ер адамның мәйіті іздестірілуде - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алматы облысында суға батып кеткен 25 жасар ер адамның мәйіті іздестірілуде, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Алматы облысында Екіаша ауылына жақын маңда орналасқан тоғанда кеше суға түсу кезінде 25 жасар жігіт батып кетті.

 Оның мәйіті ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД судан-құтқару қызметінің күшімен (3 адам мен 1 техника) іздестірілуде.