Алматы облысында Сүйінбай Аронұлының мұражайын тонап кетті

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Алматы облысының Жамбыл ауданында домбыра, Құран, білезік пен белдік сияқты мұражай экспонаттары ұрланды.

Күдікті Сүйінбай Аронұлының мұражайы орналасқан Қарақастек ауылының тұрғыны болып шықты. Ұсталған ер адам өз кінәсін мойындады. Мұражайдан ұрланған заттар алынды.

Қазіргі уақытта мұражай экспонаттары олардың тарихи құндылығын анықтау мақсатында сараптамаға жіберілді. Егерде сараптама оң нәтиже беретін болса, онда полиция қызметкерлері ер адамның бұл әрекетін ҚР ҚК-нің 175 бабынан (Ұрлық) 180 бапқа (Ерекше құнды заттарды ұрлау) сәйкестендірмек.