«Адал жол - Честный путь» марафоны Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні - 9 желтоқсанда Талдықорған қаласында аяқталатын болады. Ал өз кезегінде марафонға қатысушы аудан, қалалар түрлі шаралар, атап айтқанда, байқаулар, семинарлар, пікірсайыстар, жайдарман ойындары, флешмобтар, автошерулер өткізіп, арнайы жасалған «Адал жол - Честный путь» кітабы мен марафон байрағын келесі өңірге салтанатты түрде табыс етуі қажет.
18:41, 08 Сәуір 2018
Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон басталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарыс іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында «Адал жол - Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны басталды. Аталған шара сәуір-желтоқсан аралығында эстафета принципі бойынша облыстың барлық аймағында өтетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.