Алматы облысында «Табиғат» экологиялық қозғалысының белсендісін өлтірген күдікті ұсталды
Ауыр қылмысты жасауда марқұмның 27 жастағы немере інісіне күдік келтіріліп отыр. Бұған отбасылық келіспеушілік себеп болды.
Анықталғандай, кісі өлтіру оқиғасы келіспеушіліктің салдарына орын алған, күдікті қылмыстың ізін жасыру мақсатында өлтірілген ер адамның денесін Қырғауылды ауылының шетіне апарып тастаған.
Заттық айғақ ретінде күдіктіден алынған 12 калибрлік аңшы мылтығы қылмыстық істің материалдарына қосылып тіркелді, ол баллистикалық сараптамаға жіберілді.
Бұған дейін хабарланғандай, 10 наурызда Қарасай ауданы ІІБ-нің кезекшілік бөліміне Көклайсай шатқалында зорлықпен өлтірілген ер адамның мәйіті табылғандығы жөнінде ақпарат келіп түсті.
Марқұмның мәйіті сот-медицина сараптамасына жіберілді. ҚР ҚК-нің 96 бабы, 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.