АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында тау жыныстарының қозғалуы болды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алматы облысында ҚР ІІМ ТЖК-ның «Қазселденқорғау» ММ гидробекетінің байқаушылары көшкін қаупі бар учаскелерді тексеру барысында тау жыныстарының қозғалғанын анықтады», - делінген хабарламада.
Тау жыныстарының жылжуы Көлсай көлі жағындағы бағытта байқалды. Осы орайда кезекшілік ұйымдастырылып, мамандар тартылды. Құрылыстардың бұзылуы оқиғалары мен зардап шеккендер тіркелген жоқ.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.