Алматы облысында таулы жерде қар көшкіні болуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы  облысында қар көшкіні болуы мүмкін, деп хабарлады  «ҚазАқпарат» ХАА.

«Қазгидромет» РМК хабарлағандай, Алматы облысының таулы аудандарында қардың қалың болуына,  таулы аудандар жауын-шашынды   болуына  орай  12-13 сәуірде қар көшкіні болады деп болжануда.   Сондықтан да қарлы беткейлерге жолға шықпау ұсынылады.