ҚР Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі «Республикалық агрохимиялық қызмет ғылыми орталығы» мемлекеттік мекемесінің ғылыми қызметкері Леонид Зуб осы аумаққа бірқатар себептерге байланысты мүмкін болмай отырған 20-25 млн. тонна қи төгу керек деген пікір білдірді.
Маманның айтуынша, Алматы облысындағы топырақ қабатына жасалған мониторинг сулы жердегі топырақтың 90,76 пайызы мен тәлімі жердегі топырақтың 49,36 пайызындағы қарашірік мөлшері тым төмен.
Л.Зубтың пікірінше, жүргізілген сараптама қорытындысы топырақтағы қарашірік мөлшерінің қорын сақтап қалу Алматы облысында жер игерушілердің алдында тұрған алғашқы міндеттердің бірі екенін көрсетіп отыр.