Жаңа ғана Еңбекшіқазақ ауданындық сотының судьясы Айнұр Балтақай үкімді оқыды.
Еңбекшіқазақ ауданындағы Қорам ауылының 54 жастағы тұрғыны А. Демесінов 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Естеріңізге сала кетейік, 2 наурыз сағат 18:40 шамасында Еңбекшіқазақ ауданының Қорам ауылында мектептен қайтып келе жатқан 4 оқушыны көлік қағып кеткен еді.
«Уаз» автокөлігі жол жиегінде тұрған 10 жасар екі және 9 жастағы екі қызды қақты. Артынша Қорам ауылының 54 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол көлікті мас күйінде жүргізген.
Әртүрлі дене жарақатын алған үш бала ауруханаға түсті. 14 наурыз күні бірінші оқушы, 4 сәуір күні екінші оқушы есін жимастан көз жұмды.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мас жүргізушіге қатысты тергеуді өз бақылауына алғаны хабарланған болатын.