Алматы облысында түнде жанармай құю стансысы өртенді, ер адам қаза тапты - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 5 ақпан. ҚазАқпарат - Алматы облысында жанармай құю стансысында болған өрт салдарынан бір ер адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Бүгін сағат 01:05-те Алматы облысының Қарғалы ауылында жұмысы тұралап тұрған «Диана» жанармай құю стансысының оператор бөлмесінде өрт болды.

Жалын 8 шаршы метр аумаққа тарады. ТЖ орнында тұлғасы анықталмаған ер адамның мүрдесі табылды.

Тілсіз жаумен күреске ҚР ТЖМ Алматы облыстық ТЖД өртке қарсы қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.