Алматы облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қайрат Баймұхамбетовтің мәліметінше, коронавирус жұқтырған адамдардың бірі осы тұрғын үй кешенінде тұратындықтан осындай шара қолға алынды.
4-кіреберіс тұрғындарына пәтерлерін тастап кетуге, қонақ қабылдауға тыйым салынады. Сондай-ақ, жұмысы бар азаматтар қалыптасқан жағдай бойынша басшыларын ескертіп қоюға міндеттелді. Карантин 14 күнге жалғасады. Қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін.
Сондай-ақ, залалсыздандыру жұмыстары Іле ауданының Көкқайнар және Жамбыл ауданының Аққайнар ауылдарында да жүргізіледі. Себебі бұл екі ауыл коронавирус анықталған екі азаматтың тұрғылықты мекені.
Еске салсақ, Алматы облысында коронавирустың 4 жағдайы тіркелді. Еліміз бойынша науқастар саны – 204.