Нысан Іле ауданының Ақши ауылында ашылды. Салтанатты шараға Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев, Алматы облыстық ауылшаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қоюмшан Омаров қатысты.
Тауарлы-сүт фермасы түйе сүтін қазіргі заман талабына сай өңдеп, Қазақстан аумағында ғана емес, өзге мемлекеттерге экспортқа шығаруда. Жаңа зауыттың жоба құны - 1 млрд теңге. Ауылда 25 жаңа жұмыс орны ашылады. Зауыт айына 30 тонна ұнтақ сүт дайындауға қауқарлы», делінген Іле ауданы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінде.
Сондай-ақ зауыт өзінің толық циклды қамтуымен ерекшеленеді. Яғни түйе сүті бір жерде сауылып, өңделіп нарыққа және экспортқа шығарылады.
Бүгінде фермада 5 мыңнан астам қос өркешті түйе және аруана (бір өркешті) бар, келешекте оның санын 15 мыңға жеткізу жоспарланған.
Айта кетейік, аталған зауытта күніне орташа есеппен 5-7 мың литр шұбат әзірленеді.