Аталған жағдай көңіл көтеру орталықтарының бірінде тіркелген. Күдікті апалы-сіңлілі екеуі белгілі бір уақытта сатушы болып жұмыс істеп, кейін жұмыстан шығарылған. Жұмыстан шығарған кезде олар жалақылары толық төленбегенін айтып, әкімшіге қоқан-лоққы көрсеткен. Сонымен қатар, қымбат «Панасоник» теледидары мен «Филипс» шаңсорғышын тартып алған, деп хабарлады Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
«1981 және 1959 жылы туған екі күдікті ұсталып, Іле аудандық ІІБ жеткізілді. Тәркіленген техника ҚР ҚК 191-бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс материалдарына айғақ ретінде алынды», - деді ІІД.