Аудандық полиция бөлімінің ақпаратына сәйкес, 29 мамыр күні 10 жастағы оқушы бала бар үйге ұры түсіп, ақша талап еткен. Артынша кәмелеттік жасқа толмаған балаға пышақ жарақатын салған. Қазір жәбірленуші Алакөл аудандық орталық ауруханасында жатыр. Ал аудандық полиция бөлімі күдіктіге іздеу жұмыстарын жүргізуде.
13:40, 30 Мамыр 2019
Алматы облысында ұры 10 жастағы баланы пышақтап кетті
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында ұры 10 жастағы баланы пышақтап кетті. Оқиға Алакөл ауданының Үшарал қаласында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.