Талдықорғандықтардың Достық стансасына қарай бара жатқан ГАЗель жүк көлігі Ырғайты аралығынан өтетін көпірден бірнеше шақырым жерде тоқтап қалды. Оған қар кедерді болды.
Алматы облыстық ТЖД-не көмек туралы өтініш таңғы сағат 8:30-да келіп түсті, бірақ адамдар оны кешкі сағат 19-ға дейін күтті. Сегіз сағаттан кейін оларда бензин таусылып, көліктің іші суып кетті.
Алакөл аудандық ТЖБ-нен хабарлағандай, көмек өтінішін алғаннан кейін адамдарға «Урал» көлігі жіберілді, бірақ қатты жел, бұрқасын және нашар көрінушілік салдарынан ол Үшарал аудан орталығынан алысқа шыға алмады.
Бұдан кейін құтқарушылар әскери қызметкерлерден көмек сұрады. 40398 әскери бөлімінің мотоатқыштар бригадасынан тіркеп сүйрейтін көлік, УАЗ және КамАЗ жіберілді. Техника кешкі сағат 16:15-те ғана шықты.
Ырғайты ауданында ауа температурасы 30 градус аязды көрсетті, бұл кездегі жел жылдамдығы секундына 25-30 метр болды.