«Күдікті ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес, екі ай мерзімге қамауға алынды», - деп мәлімдеді облыстық соттың қызметкерлері.
Бұрын Алматы облысының Ұзынағаш ауылында 25 наурыз күні болған қылмыс туралы хабар берілген болатын. Пышақтап өлтірілген әйелдердің барлығы бір отбасы мүшелері болған.
19:46, 29 Наурыз 2018
Алматы облысында үш адамды өлтірді деген күдікті ұсталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында үш әйелді өлтірді деген күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.