Жалпы Алматы облысында 758 мектеп болса, білім шаңырақтарында 373035 оқушы оқиды. Оларға 34735 мұғалім қызмет көрсетуде. Оның ішінде 4182-сі немесе мұғалімдердің жалпы санының 12%-і жас мамандар. Жоғарғы және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі 51,6%-ке жетті. Білім мазмұнын жаңарту шеңберінде біліктілікті жоғарылату курстарынан 2017 жылы 13329 педагог өткен. Ал ҰБТ қорытындылары бойынша мектеп бітірушілердің орташа балы 77,3-ті құрады. 590 түлек «Алтын белгі» иеленді, 528 оқушы «Үздік аттестат» алды.
Айта кету керек, дәл қазір Алматы облысының әкімі Амандық Баталов халық алдында есеп беруде.
Фото: astana.gov.kz