Алматы облысында үш автокөліктің соқтығысуынан екі нәресте зардап шекті

АСТАНА. Қарашаның 11-і. ҚазАқпарат - Алматы облысы Талғар ауданында үш автокөліктің соқтығысуы салдарынан жаңа туған нәресте шетінеп, 4 жастағы тағы бір сәби ауруханаға жеткізілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Кеше Алматы-Көкпек-Көктал автожолының 10-шы шақырымында сағат 11.30-да«Фольксваген», «Тойота» және «Рено» автокөліктерінің соқтығысуы болды. Жол-көлік оқиғасының салдары жаңа туған сәбидің өліміне алып келді. 4 жасар тағы бір бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.