Алматы облысында ұшақ апаты болған орынның суреттері жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында жүгері егістігін өңдеуге шыққан ЯК-12 ұшағы апатқа ұшыраған жерде түсірілген фотосуреттер пайда болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 
Еске сала кетсек, оқиға бүгін таңертең Панфилов ауданының Шолақай ауылына жақын жерде тіркелген. ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті тергеу аяқталғанша, ЯК-12 ұшақтарын пайдалануды тоқтатқан еді.
 

Оқиға орнына сала мамандарынан құрылған комиссия мүшелері ұшып кеткен. Аталмыш оқиға бойынша министрліктің Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаменті тергеу жұмыстарын бастады. Осы уақытқа дейін белгілі болғандай, апатқа ұшыраған ЯК-12 ұшағындағы екі адам қаза болған.