Бұрын хабарланғандай, 2013 жылдың 29 қаңтарында сағат 13:13-те Көкшетау-Алматы бағытымен ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалды. Қазіргі уақытта ұшақта болған экипаж мүшелері мен жолаушылардың саны туралы ақпарат нақтылану үстінде. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақтың ішінде 15 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болған.
15:45, 29 Қаңтар 2013
Алматы облысында ұшақтың құлаған орнына ҚР ТЖМ-нің құтқарушылары келіп жетті
АСТАНА. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқару бөлімшелері Алматы облысына қарасты Іле ауданының Қызылту елді мекеніне жақын жерде болған әуе апатының орнына келіп жетті, деп хабарлады ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.